«Таңшолпан». Жүктілік кезінде қант диабетіне ем қабылдау қауіпті ме? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жүктілік кезінде қант диабетіне ем қабылдау қауіпті ме? (ВИДЕО)

14.11.2017

Әлемде шамамен 200 млн адам қант диабетіне шалдыққан. Қан құрамында қант мөлшері көп болса, ол нені білдіреді? Қант диабетімен ауыратын адам қандай ережелерді сақтау керек? Дерттің бұл түрі тұқым қуалай ма?

Студияға келген эндокринолог маман Жанар Убайдуллақызы осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

«Елімізде қант диебетіне шалдыққан адамдардың саны көбейіп кетті. Әсіресе, жасөспірімдер арасында диабет жиі кездеседі. Жүз адамның төртеуінде деуге болады.

Соңғы екі жылда жүктілік кезіндегі қант диабеті көбейіп кетті. Жүкті әйелдерге, жолдасына емдеу жолдарын түсіндіру ауыр. Бірақ, қабылдаған ем балаға, немесе жүкті әйелдің ағзасына еш кедергі келтірмейді.

Біздің қоғамда қант диабетінің асқыну жағдайлары да бар. Ол өте қаупті. Қант диабеті қан тамырларын құртады. Мысалы, көз, бүйрек тамырлары.

Жалпы, жеке гигиена мәселесіне қатты назар аудару керек. Мысалы, маникюр, педикюр жасаған жерде үлкен қауіп бар. Қолданылатын заттар таза болуы керек», - дейді дәрігер.

Хабарламаларға жазылу