Токио Олимпиадасына Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысады

14.11.2019

Токио Олимпиадасына Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысады. Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрғасы Серік Сәпиев осылай деді. Қазір еліміз 14 спорт түрінен 25 лицензия жеңіп алған. Қалғаны келер жылдың еншісінде. Тек ауыр атлетикадан допинг дауынан кейін 2-ақ спортшы ұсынуға құқылымыз. Бұл - Дүниежүзілік ұйымның шешімі. Доданың өзге түрінен шектеу жоқ. Спортшыларымыздың деңгейі мен дайындығы ойдағыдай болса, жақсы нәтиже көрсетуге барлық жағдай жасалған.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу