Текелі қаласында 2-ші сынып оқушысы мектепте көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Текелі қаласында 2-ші сынып оқушысы мектепте көз жұмды

13.11.2019

Алматы облысының Текелі қаласында 2-ші сынып оқушысы мектепте көз жұмды. Әзірге нақты себептері белгісіз. №4 мектептің басшыларының айтуынша, екінші ауысымда оқитын ер бала бірінші сабақтан шығып, асханаға бет алған. Алайда, оның жолай құлап жатқанын мұғалімдер байқаған. Жедел жәрдем шақырылып, алғашқы көмек көрсетілген. Бірақ санаулы минуттарда оқушы жатқан жерінде есін жимай жан тәсілім еткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 жасар баланың қазасы «қайғылы жағдай» деп тіркелді. Сондықтан қылмыстық іс қозғалған жоқ. Жазатайым оқиғаның нақты себептерін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

 Қ.ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу