Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде есінен танып, көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мектеп оқушысы сабақ үстінде есінен танып, көз жұмды

12.01.2024

Шымкентте 8-ші сынып оқушысы сабақ үстінде есінен танып құлап, көз жұмды. Қайғылы жағдай дене шынықтыру сабағында болған. Дене қыздыру жаттығуын жасап болған соң футбол ойнауға кіріскен бала бірден көзі алайып құлаған. Мұғалім дереу көмекке барып, мектеп медбикесін шақыртқан. Оқушыға сол жерде жабылып алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Алайда жедел жәрдем келіп жеткенше баланың жүрегі тоқтап қалған. Қазір құзырлы органдар тарапынан оқиғаның жай-жапсары тексерілуде. Ұстаздар оқушының бұған дейін денсаулығына байланысты ешқандай шағымы болмағынын айтады.

Нұрлан Байсейітов, денешынықтыру пәнінің мұғалімі:

Көз алдымда құлады. Құлап бара жатып көзі алайып кетті. Жүгіріп барып сұрадым, медикті шақырыңдар дедім. Олар келіп өз әрекетін жасады. Мен аяғын уқаладым.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу