Қазан айында инфляция 5,5 пайыз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазан айында инфляция 5,5 пайыз болды

12.11.2019
Қазан айында инфляция 5,5 пайыз болды

Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға барынша көп үлес қосып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

«Жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қыркүйектегі 5,3 пайыздан өсіп, қазанның қорытындысы бойынша 5,5 пайыз болды. Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі инфляцияға барынша көп үлес қосып отыр. Оларға бағаның жылдық өсуі 9,7 пайызға жетті. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 14 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,8 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,7 пайызға өсуін ерекше атап өткен жөн. Қазанда жеміс-көкөніске бағаның жылдық өсуі 7,6 пайызға дейін жетті. Бір ай бұрын ол 3,5 пайыз болды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Хабарламаларға жазылу