Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді

29.06.2020
Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді.

«Шынында да олар қазір көбейіп кетті. Нақты сұраққа келер болсақ, менің өзім жалпы жаппай тыйым салу шараларын жақтай бермеймін. Әсіресе маған және менің әріптестеріме қатысты сын айтылып жатса, оған тыйым салу керек деп есептемеймін. Алайда бұл жерде деструктивті ақпаратқа немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін болса, мемлекет заңға сәйкес қатаң шараларды қабылдайды», - деді министр. 

Аида Балаева бұл бағытта нақты адамдарды табу оңай емес екенін айтып өтті. 

«Тағы да қайталап айтайын: егер белгілі бір Telegram-арнаның ақпараты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірсе, онда мемлекет қатаң шараларды қабылдайды», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу