Шымкентте топырақ астында қалған екі жұмысшы мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте топырақ астында қалған екі жұмысшы мерт болды

11.11.2019

Шымкентте топырақ үйіндісінің астында қалып, қайтыс болған екі азаматтың өліміне мердігер компанияның қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болуы мүмкін. Сол күні «Югстройсервис-Н» компаниясының техникалары мен оның жүргізушілері 22 метр тереңдікте жұмыс істеген. Опырылып құлаған үйінді астынан шұңқыр қазып жатқан техникалар өздігінен шыға алмаған. Апат орнына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 11 техникасы мен 40 құтқарушысы келіп, 5 сағатқа жуық зардап шеккендерді іздестірді. 

Өкінішке қарай, екі азамат сол жерде жан тәсілім еткен. Жарақат алған үшінші құрылысшы ауруханаға жеткізілді, денсаулығы жақсарып келеді. Қайғылы оқиғаға байланысты Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Құрылысқа жауапты мекеме қайтыс болғандар мен жарақат алған жұмысшының отбасына қаржылай көмек көрсетпек. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу