Жастар жылы аясында бастау алған «Отбасы бақыт мекені» жобасы өз жұмысын кезекті қойылыммен қортындылады. Бұл жолғы сахналық көрініс «Бір түп алама ағашы» деп аталады. Отбасы құндылығын, отанға деген құрметін негізге алған ерікті жастар осындай драмалық, комедиялық жанрдағы көрініс арқылы жастарға ой тастауды көздейді. Жоба аясында жыл басынан бері 20-ға жуық мәдени, әдеби спорттық шара ұйымдастырылған болатын.
Аян Ерментаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің басшысы:
Оның басты мақсаты — жастардың арасындағы отбасылық құндылықты жоғары деңгейде жеткізу ұғындыру болып табылады. Біз тек қана айтып қана қоймастан сахналық қойылым ретінде әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізе білуіміз керек.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ