Атырауда құмаршық өсімдігіне ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда құмаршық өсімдігіне ескерткіш қойылды

07.11.2019

Атырауда зұлмат жылдары халықты өлімнен құтқарған құмаршық өсімдігіне ескерткіш орнатылды. Қаланың орталығына қойылған композицияның биіктігі 5 метрге жуықтайды. Бірегей туындының идея авторы - ҚР Журналистер одағының мүшесі Тұрсын Қалимова. 

Ескерткіште дәннен шыққан киелі шөптің өзі мен сол кездегі жұртшылықтың құмаршықпен біте қайнасқан тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Өсімдіктің тағамдық құндылығын білген ата-бабаларымыз оның дәнінен ұн жасап, нан пісіріпті. Дәмі тіл үйірер ботқа да қайнатқан. Тұқымынан май алған. Сондай-ақ онымен құм көшкінін де тоқтатқан. 

Мұрат Бектенов, өлкетанушы: 

Мынау соғыс жылдарында қандай қиындық болса да, Тайсойған, Нарын құмы адамдары аштан өлмеген. Халық азып-тозып, жан-жаққа көшпеген. Осы құмаршықтың арқасында. Қазіргі ұрпақ осы құмаршыққа борыштымыз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу