Нұр-Сұлтандағы үлескерлер мәселесі алдағы 3 жылда шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы үлескерлер мәселесі алдағы 3 жылда шешіледі

07.11.2019

Нұр-Сұлтандағы үлескерлер мәселесін толық шешуге кемі 3-4 жыл қажет. Осы аралықта қазір құрылысы тұралап қалған үйлердің бәрі салынып, пайдалануға беріледі.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтты. Оның сөзінше, бұл жұмысқа мемлекеттен 40 миллиард теңге бөлінбек. Қазірдің өзінде ол қаржының 6 миллиарды игерілген. Соның нәтижесінде 3 нысан қолданысқа беріліп, тағы 7 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмысы жылдың соңына дейін аяқталмақ. 19 объект инвесторларды тарту арқылы салынса, 29 тұрғын үйді ары қарай салу «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Алтынбек Қайсағалиев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

Әрбір объект бойынша әкімдік іс-шаралардың қадамдық жоспарларын әзірледі. Және де жол картасын бекітті. 2019 жылы жалпы 10 көпқабатты тұрғын үй тапсыратын болсақ, 2020 жылы 20 көпқабатты тұрғын үй, 2021 жылы 7 көпқабаты тұрғын үй, 2022 жылы 9 объект, 2023 жылы 4 объект. Сонымен осы жұмыстар жалғасын тауып, алдағы 3-4 жылда толықтай проблемалық объектілердің мәселесін шешетін боламыз.

Аманкелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу