Балаға дөрекілік танытқан тіс дәрігері 3 тәулікке қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаға дөрекілік танытқан тіс дәрігері 3 тәулікке қамалды

06.11.2019

Ақтауда мүгедек балаға дөрекілік көрсеткен дәрігер 3 тәулікке қамалды. Ол Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімен уақытша қамау абақтысына жабылды. 

Естеріңізге сала кетсек, облыстық стоматологиялық орталықтың хирург дәрігері Төлеген Мұхамбетов қабылдауына келген баланы тісін жұлуға көндіре алмаған. Бейнежазбада оның бүлдіршінді жұлқып, дөрекі іс-әрекет көрсеткені анық көрінеді. Осы жағдайдан кейін баланың анасы полицияға шағым түсірді.

Алтай Қонысов, Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

Жаза қолдану барысында Мұхамбетовтың іс-әрекетіндегі ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар ескерілді. Яғни, ауырлататын мән-жайға жасөспірімнің кәмелет жасқа толмағаны, емделуші баланың мүгедек екенін біле тұра, катігездікпен құқықбұзушылық жасауы жатады. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу