Атақты академик-ғалым Рәбиға Сыздықова 95 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атақты академик-ғалым Рәбиға Сыздықова 95 жасқа толды

01.11.2019

Қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан атақты академик-ғалым, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Рәбиға Сыздықова 95 жасқа толды. 

Осыған орай, Алматыда «Қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық конференция өтті. Жиында бар ғұмырын тіл біліміне арнаған тұлғаға айрықша құрмет көрсетілді. Өйткені, академиктің тілтанымдық еңбектері бүгінде осы саланың негізгі қайнар көзіне айналған. Конференцияда латын графикасына негізделген жаңа ұлттық әліпби мәселесі де жан-жақты талқыланды. Себебі «Рәбиға Сыздықованың ғылыми жұмысы жаңа реформаның теориялық, әдістемелік өзегі іспетті», - дейді зерттеушілер.

Ерден Қажыбек, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:

Қазір біз тілдік реформа жасап жатырмыз. Әліпбиді ауыстырайын деп жатыр. Осының, емленің, орфографияның негіздерін егжей-тегжейлі зерттеп, бізге классикалық еңбектерін берген. Әдеби тіліміздің теориясына, ақын-жыраулардың тілі, қай саланы алсақ та, Ірекеңнің үлесі өте мол.

Аманкелді СЕЙТХАН


Хабарламаларға жазылу