Қарағанды облысында инсульт бойынша өлім-жітім көрсеткіші азайды

30.10.2019

Қарағанды облысында инсульттан өлім-жітім саны 3 пайызға азайған. Өңірде екі жыл бұрын арнайы ахуал орталықтарын ашудың арқасында миына қан құйылған науқастардың өміріне мейлінше араша түсуге мүмкіндік туған. 2017 жылдан бері облыстағы емдеу мекемелерінде осындай 6 орталық ашылған. Оларда 4 мың науқасқа қатысты барлық ақпарат сақталған. 

Сандық технологиямен жұмыс істейтін ақпараттық жүйенің арқасында науқасқа нақты диагноз алғашқы хабар берілген сәттен бастап 40 минут ішінде қойылады. Ал бұрын 1 сағаттан артық уақыт кететін. Демек дереу операция жасау қажет болған жағдайда ахуал орталығының берер көмегі зор.

Михаил Мазурчак, ахуал орталығының жетекшісі, дәрігер-невропотолог:

Біз қазір барынша жұмысты үйлестіруге тырысудамыз. Ахуал орталығында КТ, МРТ түсірілімдердің архиві сақталған. Шалғай елді мекендермен арада онлайн байланысқа шығып, кеңес бере аламыз. Егер күрделі жағдай екеніне көз жетсе, санитарлық авиацияны жөнелтеміз. Ондай науқасты қалай дұрыс жеткізу керектігін де түсіндіреміз. Семинарлар өткіземіз. Өте тиімді.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу