Маңғыстауда жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жасөспірімдер арасында қылмыс өршіп тұр

29.10.2019

Жыл басынан бері кәмелетке жасы толмағандардың қатысуымен 61 заңбұзушылық жасалды. Ал былтыр 53 дерек тіркелген. 

Өңірде топ болып төбелесу, бұзақылық, ұрлық, дене жарақатын салу жиіледі. 9 айдың ішінде Ақтауда осындай қылмыстарға қатысы бар 95 жасөспірім есепке алынды. Оның 11-і сот шешімімен мамандандырылған мектеп-интернатқа жіберілді. Балалар арасында заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында полицейлер рейдттік тексерулер жүргізіп жатыр. Бір айдың ішінде түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген жасөспірімдерге қатысты 60 хаттама толтырылған.

Гүлжан Мұхамбетқызы, Ақтау қалалық полиция басқармасы ювиналдық полиция бөлімшесінің бастығы:

Жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі ата-ананың балаға деген немқұрайлығы, тікелей ата-аналық міндетін орындамауы салдарынан бала қараусыз қалады. Осындай себептермен күнде кем дегенде 5 бала ұсталады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу