«Томирис» фильмі еліміздің кинотеатрларында күніне 800 рет көрсетіледі. Көрсетілімнен түскен пайда- 480 миллион теңге. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Жұртттың қызығушылығы өте жоғары. Голливудтық өніммен бәсекелесе алатын сапалы туынды халықаралық кинофестивальға ұсынылады. Министр сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясы жекешеленетін нысандар тізімінен алынатындығын айтты. Жалпы мәдениет саласында жақсы жаңалық көп. Мәселен, жақында экологиялық туризмді дамыту бойынша тың жобалар жүзеге асырылмақ.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Бүгінде Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамытуға арналған аумақтарды белгілеп, инвестициялық қаржы тарту жоспарда бар. Іле-Алатау паркіндегі инвестициялық жобаның құны -17,3 миллиард теңге. Осылайша, тағы 1000 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі туып отыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ