Елімізде бюджет тапшылығы азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бюджет тапшылығы азаяды

23.10.2019

Келер жылы 2,1 пайыз, одан соң 1,5 және 2022 жылы 1 пайыз. Инфляция да біршама бәсеңдейді деген болжам бар. «2021 жылға дейін 4-6 пайыз деңгейінде сақталса, 2022-2024 жылдары 3-5 пайыз шегінде болады», - деді Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. 

Елімізге кіріс әкелетін секторлар алдағы 5 жылға ауқымды жоспар түзді. Мәселен, мұнай өндірісі артады. Шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету салалары да ішкі жалпы өнімге қосатын үлесін 3,5 пайызға дейін арттырады деген жоспар бар. Ал мемлекет тарапынан түрлі салаға бөлінетін бюджет қаржысына қадағалау бұрынғыдан да күшейе түспек. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері:

Бүгін мақұлданған бюджет жобасында экономиканың нақты секторын қолдау денсаулық саласы баспана және жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік мақсаттарға ерекше көңіл бөлінді. Ендігі міндет - осы бөлінген барлық қаражаттардың өз уақытында тиімді жұмсалуы. Осыған орай мемлекеттің әрбір тиыны мәжіліс депутаттарының қатаң бақылауына алынады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу