ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті.
Кездесу барысында Елбасы Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді.