Мемлекеттік сатып алу туралы заңға енгізілген өзгерістер еліміздегі театрлардың жұмысына кедергі. Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы жаңа ережелердің кесірінен қойылымдарды уақытылы көрсете алмай қиналуда. Қазіргі талап бойынша маталар, киім-кешек сияқты тауардарды жеңіл өнеркәсіп өнімі ретінде тек тендер арқылы алыну керек. Арнайы тізімі бар. Ал оған кем дегенде 40 күн қажет. Сондықтан қойылымды дайындау мерзімі тым ұзарған.
Театр тәжірибесінде режиссерді, суретшіні сырттан шақырту тәсілі бар. Олар аз уақытқа келіп, жұмысты аяқтауы тиіс. Алайда қажетті жабдықтар болмай, дайындық тежеледі екен. Театр болса, жылына жоқ дегенде 7-8 қойылымды сахналау керек. Мәселенің тағы бір қыры - сатып алынатын өнімдер көлімінің аздығы. Бір спектакльге 2, 3 метрлік маталар, киімнің 1 ғана данасы керек болатын жағдайлар жиі кездеседі. Ал мұндай аз көлемді мемлекеттік сату алу арқылы жеткізіп беремін дейтін кәсіпкерлер жоқтың қасы. Бұған дейін театрлардың мемлекеттік сатып алу туралы заң аясында тауарларды бір жабдықтаушыдан тікелей алуға мүмкіндігі болған. Мамандар сол ереже қайтадан орнына келсе екен дейді.
Бейбіт Бахтыгереев, Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры:
Қиындығы көп. Спектакльге қажетті затты 40 күн күтеміз.
Ермек Елберген