Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды

23.10.2019
Елбасы Цукуба университетінің құрметті докторы атанды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы атағы берілді. Елбасына құрметті доктор куәлігін Цукуба университетінің президенті Кёсукэ Нагата табыс етті.

айта кетейік, Цукуба университеті - Жапонияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 30-ға жуық алдыңғы қатарлы зертханасы мен ғылыми-зерттеу мекемесі бар. Университет әлемнің 61 елінің 320 университімен және институтымен академиялық серіктестік қатынасты жолға қойған. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ҰПУ Педагогика және психология институты бар.

Қазіргі уақытта Цукуба университетінде елімізден 6 магистрант пен 4 докторант білім алып жатыр. Жалпы, осы уақытқа дейін 105 қазақстандық студент гуманитарлық мамандықтарда білім алды.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу