![Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2019/10/22/1571717556252.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
«Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымының дамуына 5 триллион 800 миллиард теңгедей инвестиция тартылды. Оның 44 пайызы немесе 2 триллион 540 миллиард теңге мемлекеттік қаражат болса, қалған 56 проценті немесе 3 триллион 274 миллиард теңге мемлекет-жекеменшік әріптестігін (МЖӘ) қоса алғандағы жеке сектор үлесіне тиесілі. Көлік салалары бойынша инвестицияның басым бөлігі автомобиль жолдары және теміржол жобаларына тиесілі – сәйкесінше, 37 пайыз және 40 пайыз», - деді министр.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Соңғы 5 жылда көлік инфрақұрылымына 5,8 трлн теңге инвестиция тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/118061/)