Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді

21.10.2019

24-25-қазан күндері Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Сапар барысында Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, түрлі бағыттар бойынша екіжақты келісімдерге қол қояды. Сондай-ақ, «Қазақстан-Беларусь» бизнес-форумына қатысады. Форум барысында кәсіпкерлік қауымдастықтың перспективасы мен алдағы міндеттер талқыланады. «Қазақстан-Беларусь» бизнес құрылымдары арасында жаңа байланыстар орнатылады деп жоспарлануда.   

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Беларусь Президентінің сапарын өткізудің мақсаты — екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қарқындату және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге баса назар аудара отырып, өзара іс-қимылдық барлық спектрі бойынша дәстүрлі достық «Қазақстан-Беларусь» байланыстарына серпін беру болып табылады.


Хабарламаларға жазылу