Елордада республикалық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада республикалық ақындар айтысы өтті

21.10.2019

Дүбірлі додаға Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина сияқты танымал ақындар бастаған 16 айтыскер қатысып, бақ сынады. Олардың араларында аты шыққан арқалы ақындар ғана емес, жастар да бар. 

Аламан айтысты әдеттегідей белгілі ақын, осы өнердің жанашыры Жүрсін Ерман жүргізді. Қазылар алқасының ұйғарымымен, бас бәйгені нұрсұлтандық Еркебұлан Қайназаров иеленді. Айта кетерлігі, ақындар айтысын қаржыландыруды бұдан былай «Nur Otan» партиясы өз мойнына алмақ. Мұндай іс-шара бұған дейін Атырау, Қостанай, Алматы, Қарағанды қалаларында ұйымдастырылған еді. Ал жылдың қорытынды айтысы, яғни «Алтын домбыра» кеші Оралда өтеді деп жоспарланып отыр. 

Сырым Әуесхан, айтыскер ақын:

Бұрын айтыс тек әдеби форматта өтетін болса, қазір айтыс шоулық форматқа қарай икемделіп, жаңаша сипатқа ие болып жақан жайы бар. Бірақ қай кезде де айтыс - қоғаммен бірге тыныстап, қоғамның керегін тауып беріп жатқан өнер.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу