Елімізде 93 мектеп интернетке қосылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 93 мектеп интернетке қосылмаған

21.10.2019
Елімізде 93 мектеп интернетке қосылмаған

93 мектеп интернетке мүлдем қосылмай қалған. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Үкімет сағатында мәлімдеді.

«Еліміздің орта білім беру саласында 3 жылдан аса уақыт ішінде жаңа мектептер салынып, жаңартылған мазмұнға көшу жалғасып жатыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жетілдіруді қажет ететін мәселелер жоқ емес. Апаттық жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептердің проблемасы шешілмей келеді. Сонымен қатар 93 мектеп интернетке мүлдем қосылмай қалған. Интернеттің жылдамдығы мәлімделген жылдамдықтан әлдеқайда төмен мектептер де аз емес», - деді Г.Исимбаева.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу