АҚШ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегия қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегия қабылданды

16.02.2023

АҚШ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегия қабылданды. Бұл құжат арқылы шетелде заңсыз жолмен табылған қаржыны осы елде жасыруға тосқауыл қойылмақ. Трансұлттық жемқорлықпен күрес күшейеді.

Негізінен қарапайым америкалықтар арасында пара алу не ұсыну өте сирек кездесетін қылмыс. Себебі, оған қарсы қоғамдық иммунитет мектеп қабырғасынан қалыптасады.

АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатқан қазақстандық Айбек Қабылдин осы елдің сыбайлас жемқорлықпен күрес тетіктерін зерттеуге кірісті. Әсіресе, қоғамдық әдеп, адалдық және азаматтық жауапкершілік құндылықтары қалай насихатталатынын түбегейлі сараламақ.

Айбек Қабылдин, ҚП Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкері:

Егер адамның жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде қандай да бір күдікті, күмәнді мәселелер болса, оның басқа әріптесі жауапты тұлғаға оны барып айта алады. Менің күмәнім бар деген сияқты және сол күмән ешқандай дәлел болмаса да назарға алынады. Сыбайлас жемқорлық қылмысы ең қатаң қылмыс түрімен жазаланады.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу