Н.Нығматулин мен Чехия Парламенті депутаттар Палатасының Спикері Р.Вондрачекпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Нығматулин мен Чехия Парламенті депутаттар Палатасының Спикері Р.Вондрачекпен кездесті

17.10.2019

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева да Радек Вондрачекпен кездесу өткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-транзит инфрақұрылымы, энергетика, фармацевтика, денсаулық сақтау және туризмді өрістету саласындағы бірлескен жобалардың келешегін талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин де шетелдік мейманмен екіжақты кездесу ұйымдастырып, екі ел арасындағы байланысты нығайту жолдарын талқылады. Қазақстан басшылығы Чехия елімен қарым-қатынасты тереңдетуге үлкен мән беретіні айтылды. Өз кезегінде Чехия Парламенті Палатасының Төрағасы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейіне жоғары баға беріп, Қазақстан Чехияның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу