АҚШ-та 25 мың ұстаз шеруге шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 25 мың ұстаз шеруге шықпақ

17.10.2019

АҚШ-тың Чикаго қаласында 25 мың ұстаз бейсенбіде ең ірі наразылық акциясына шығуды жоспарлап отыр. Сондықтан бұл күні 400 мыңдай оқушы үшін сабақтар доғарылған. Мұғалімдер жалақыны және әлеуметтік жеңілдіктерді арттыруды талап етуде. Сонымен қатар олар сыныптағы бала санының көптігіне байланысты медициналық маман, кітапханашы сияқты қызметкерлерді де жұмысқа көбірек алу керек дейді.

Чикаго қаласының мэрі Лори Лайтфут алдағы 5 жыл ішінде оқытушылардың орташа жалақысы жылына 100 мың долларға дейін көтерілетінін айтқан. Дегенмен, ұстаздар қауымы мұны «құр уәде» деп бағалауда. Олар қала басшылығының сөзі іс жүзінде расталмайынша, наразылық білдіруден тайынбайтындарын ескертіп отыр.

Жансая Қапасқызы  

Хабарламаларға жазылу