Жер үлестіруде жемқорлық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер үлестіруде жемқорлық көп

17.10.2019

Жер үлестіру кезінде соңғы 3 жылда 300-ден астам заңбұзушылық анықталған. Учаскелерді бөлу кезіндегі заңсыз әрекеттері үшін 105 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, олардың 87-сі сотталған екен. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте мәлім болды. 

Ведомство өкілдері жер учаскелерін үлестіру бойынша жемқор өңірлерді де атап берді. Бұл тізімде көш бастап тұрғандар: Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Алматы және Павлодар облыстары. Заңды бұзғандардың дені ауылдық округтердің әкімдері мен жер қатынастары жөніндегі бөлім қызметкерлері көрінеді. 

Ербол Өстеміров, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг департаментінің директоры:

Жыл сайын заң бұзушыларды болдырмау мақсатында көптеген уәкілетті органдармен бірлесіп, жұмыс істейміз. Мысалы, өткен жылы Жер кодексінде бапты енгіздік. Әкімдіктер қазіргі кезде ай сайын ашық түрде өздерінің стендтерін кімге жер берді, қай мақсатта берілгенін жариялауға міндетті.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу