«Кітапханадағы түн». Ақтөбеде осындай атаумен ерекше шара ұйымдастырылды.
Кешкі 19:00-ден бастап кітапхана ұжымы әдеби кейіпкерлерді сомдап, оқырмандарын флешмобпен қарсы алды. «Қазір кітап оқитын жастар аз. Бұған әлеуметтік желі себеп»,-дейді кітапханашылар. Бүгінгі акцияның мақсаты да осы - тұрғындарды, әсіресе жастарды кітапханаға шақыру.
4 сағат ішінде Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханаға 1500-ге жуық адам келген. Әркім өзі қалаған шығармасы туралы тың ақпараттар алды. Кітапхананың тұрақты оқырманының бірі - ардагер журналист Идош Асқар. Қалемгердің өзі де үйінің бір бөлігін кітапханаға айналдырыпты. Қазір қорында 5 мыңнан аса кітап бар.
Идош Асқар, ардагер журналист:
Адамның хатқа түскен уақыты шамамен 5 мың жыл. Сол бес мың жылдан бергі таңдаулы, хатқа түскен шедеврлер бар осы кітапханада. Кітабымды немерелеріме бердім түгелдей.
Жақсыбек Кемал