Қостанай облысында отшашу салдарынан мәдениет үйі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында отшашу салдарынан мәдениет үйі өртенді

14.10.2019

Отшашудан өрт шықты. Қостанай облысындағы аудан орталығы Қарабалықтың 90 жылдық тойы мәдениет үйінің өртенуімен аяқталды. Оқыс оқиғаға қауіпсіздік шараларының өрескел бұзылуы себеп болған. 

Мысалы, отшашу құрылғысы ғимараттан кем дегенде 50 метр қашықта тұруы тиіс. Ал Қарабалықта оны мәдениет үйінен небәрі 10 метр жерде тұтатқан. Соның кесірінен көкке шашылған ұшқын шатырға түсіп, өрт шықты. Салдарынан ғимараттың 570 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Ғимарат былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен. Оған 280 млн теңге жұмсалыпты.

Талғат Кәкімов, Қостанай облыстық ТЖД бастығы

Бұл нысан өрт қаупі аса жоғары ғимараттардың қатарына жатады. Соңғы рет біздің мамандар тарапынан тексеру 2017 жылы жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптары толық сақталғандығы анықталды. Сондықтан былтыр бұл нысан тексеруден босатылған. Биылғы тексеру қазан айының соңында жүргізілуі тиіс болатын.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу