Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтты.
«Республикалық бюджет 19% және жергілікті бюджеттер 7% өскенін атап өту керек. Ұлттық қордың активтері 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 26 трлн 447 млрд теңгені құрады. Ал республикалық бюджеттің шығындары 8 трлн 541 млрд теңгені құрады. Орындалмау сомасы - 14,3 млрд теңге. Оның 5,7 млрд теңгесі - үнемделген қаражат. 8,6 млрд теңге игерілмей жатыр. Бұл 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда бес есе аз. Ең көп игерілмеген сома мына әкімшілерде қалыптасты: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі - 1,5 млрд теңге, Жоғарғы сот - 1,2 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі - 992 млн теңге, Сауда және интеграция министрлігі 947 млн теңге. Қаржы игермеудің негізгі себептері - конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну», - деді ол.
inform.kz