Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға келді

11.10.2019

Президент Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланған. Жиын басталмас бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту тетіктерін талқылады. Халықтар достығына негізделген көршілес қос мемлекет бүгіндері экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени-гуманитарлық бағыттар бойынша байланыс орнатқан. Мемлекет басшысының осы сапарынан соң бұл қарым қатынас бекіп қана қоймай, кеңейе түсуі тиіс. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке жаңа жобалар алып келгенін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, қасиетті Түрікменстан жеріне аяғым тигеннен бастап қонақжайлылық танытып жатқаныңыз үшін алғыс айтамын. Көркемдігімен таң қалдыратын Түрікменстан астанасы Ашхабадқа қайта келгенім үшін қуаныштымын. Екіжақты, көпжақты болсын бағытта жұмыс істеуге ынтамыз зор. Біздің елдер арасындағы әріптестік тиісті деңгейде дамып жатыр деген ойдамын. Екіжақты ынтымақтастығымызды нығайтуға бағытталған бірқатар жобаларды ұсынғалы отырмыз. Арнайы делегация да келді. 

Гурбангулы Бердімұхамедов, Түрікменстан Президенті:

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді Түрікменстанда қабылдап жатқаныма қуаныштымын. ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында, осы кездесуімізде де келіссөздер табысты аяқталатынына үмітім зор. Ынтымақтастығымызды нығайтуға біз де мүдделіміз. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу