Ақтөбелік жас әнші Испанияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік жас әнші Испанияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды

10.10.2019

Қазақтың жас әнші қызы Еуропаны таң қалдырды. Димаштың Лондондағы концертінде ән салған ақтөбелік Нарқыз Жанұзақова Испанияда өткен байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Жас өнерпазды жерлестері әуежайдан үлкен құрмет-қошеметпен күтіп алды. Талантты қыз «Tu Onda» байқауында алдымен қазақ тілінде, кейін испан тілінде ән салып, көрермендер мен қазылардың үлкен қошеметіне ие болған. 

Нарқыз бес жасынан бастап ән айтады. Қазір Қазанғап өнер мектебінің вокал класында оқып жүр. Бұған дейін Ақтөбеде өткен «Бақытты бала» халықаралық ән байқауында топ жарған еді. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Лондондағы «Ұмытылмас күн» концертінде де ән шырқаған болатын. «Димаш ағам үлкен сахнаға шығуыма жол салды», - дейді ол.

Нарқыз Жанұзақова, әнші:

Байқау Испанияның Малага қаласында өтті. «Тu Onda» «сенің бастауың» деген мағынаны білдіреді. Бұл конкурс өте қиын болды. Бірақ соның бәрін де жеңе білдім.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу