Алматыда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

10.10.2019

Алматыда заңсыз ойын бизнесін жүргізіп келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Алты азаматтан құралған топ қаланың 60 нүктесіне ойын терминалдарын қойып, жасырын залдарда компьютер арқылы онлайн казино ұйымдастырған. Экономикалық тергеу департаментінің жедел іздестіру шарасы кезінде 240 ойын терминалы тәркіленіп, екі ойын залының жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар, заңсыз табыс арқылы түскен 14 миллион теңге анықталды.

Жақсылық Мырзахан, қалалық Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

Барлық терминалдың қожайыны бір адам болған. Бұл терминалдардан ақша жинайтын бір адам болған. Олардың көмекшілері, терминалдарды жасайтын қойма табылды. Аталған қылмыстық топқа қатысты Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары аяқталып, қазіргі таңда сотқа жолданды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу