Семейді дамытуға 260 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейді дамытуға 260 млрд теңге бөлінеді

09.10.2019

Семейді алдағы 5 жылда кешенді түрде дамыту үшін 260 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Семейге келген жұмыс сапары кезінде айтты. Қалада қазірдің өзінде әлеуметік-экономикалық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жобалар іске асып жатыр. Премьер-Министр олардың бірқатарымен танысты. Өңірден Ержан Жақып толықтырсын.

Премьер-Министр барған нысандардың бірі «Қарағайлы» шағын ауданы. Мұнда қазір 20 көпқабатты тұрғын үй бой көтерген. Олардың деніне халық қоныстанып, тұрып жатыр. Тағы осынша тұрғын нысанның құрлысы басталған. Келесі жылы қосымша 30 үй салану жоспарда бар. Ал желтоқсан айында «Абай Арена» аталатын спорттық кешен қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, шағын ауданда 320 орындық балабақша да жұмыс істеп тұр. Алда бірнеше мектеп салынады.

Николай Ушаков, қала әкімінің орынбасары:

Ауданда 4 мектеп салу жоспарда бар. Қазіргі күні сметалық жобалық құжаттары дайындалып жатыр. Қарағайлыдан 126 пәтерді желтоқсан айында әлеуметтің әлжуаз топтарына береміз. Онда көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынан айырылғандар қоныстанады. 

Қалада қарқынды дамып келе жатқан өндірістің бірі - Семей автокөлік құрастыру зауыты. Мұнда корейлік автобустардың 8 түрі құрастырылады. Сондай-ақ, 3 тоннадан 25 тоннаға дейінгі жүк көліктері мен 8 түрлі трактор жасалады. Газель көліктері де осы зауыттан шығарылып жатыр. Бүгінде кәсіпорын 500 адамды жұмыспен қамтиды. Үкімет басшысы өндірістің тыныс-тіршілігімен танысып, жоспарларын білді.

Әсемхан Досқожанов, «СемАз» зауытының бас директоры:

Қазір Атырауда біздің автобустар жүр. Басқа қалаларда, Астанада жүр. Петропавл мен Жамбылда жүр. Ресейге көп автобус саттық. Болашақта шет елге шығамыз.

Премьер-Министр қала активімен өткізген жиын барысында шаһардың дамуына қатысты мәселелерді талқылады. Ең бастысы 2020-2050 жылдарға арналған жоспарлар айтылды. Алдағы 5 жылда қалада әлеуметтік-экономикалық бағыттағы 56 ауқымды жоба іске аспақ. Мемлекеттен ол үшін 260 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Оның ішінде 98,5 млрд республикалық бюджеттен. 85,6 млрд жергілікті бюджеттен қарастырылыған. Ал 76,2 млрд теңге жеке инвестициядан көзделген. Кешенді жоспарды кәсіпкерлік ауыр өнеркәсіп кешені, тұрғын үй құрлысы,инженерлік коммуникация, ауылшарушылық және көлік инфроқұрылымын дамыту көзделген. 

Жиын кезінде Үкімет басшысы облыс және қала әкімдеріне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын жоғары деңгейде атқарылуы тиіс екендігін тапсырды. «Әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтарды лайықты қарсы алып, жоспарланған шараларды бұлжытпай орындау қажет», - деді.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу