Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 1 миллион 633 мың гектар жер учаскесі анықталды

07.10.2019

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 1 миллион 633 мың гектар, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы 779 жер учаскесі анықталды. Бүгінде оның 1 миллион 143 мың гектарына қатысты тиісті шаралар қолданған. Заңбұзушылықтар жойылып, әкімшілік жауапкершілік тағайындалды. Алайда мемлекет меншігіне қайтарылған жер телімі жоқ. Себебі заң бойынша тексеріс 3 жыл көлемінде жүргізілуі тиіс. Бұл бағытта жұмыстарды жүргізуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан. Жерді тиімді пайдалану салаға серпін бермек.

Нұрболат Бөкен, Ақмола облыстық жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы бөлімінің басшысы:

Қазіргі таңда Ерейментау аудандық әкімдігімен бірлесе отырып, басқарма тарапынан бір ЖШС-ға 25 мыңнан астам гектар жер алқабы ұзақ мерзім пайдаланбай жатқандығы үшін мәжбүрлеп алу мақсатында сотқа жүгінді. Қазіргі таңда сот қарауында қаралып жатыр. Шешімі соттың шешіміне байланысты болады.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу