Елімізде ауыз су мәселесі өзекті болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауыз су мәселесі өзекті болып тұр

06.10.2019

Әнебір қатты қиын болған жылдары ауылымда тоқ жоқ, жердің астынан су тартатын скважина жұмыс істемей, тұрғындар «ыссы бұлақ» деп атайтын химиялық элементке бай денсаулыққа зиян суды бірнеше жыл ішкен... Елімізде ауыз су мәселесі — мәселе болып тұр. Таза су ішпегеннен шығатын ауру түрі, ауыратындардың саны, одан адамдардың моральдық және материалдық шығыны, болашақ ұрпағына тиетін залалы, мемлекеттің шығыны – осылар есептелмейді-ау. Ондай есептердің маңыздылығын ұғу жоқ сияқты...

Жұмада Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев коррупциямен күрес жайын талқылаған жиналыс өткізген – мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті жерлерде іске асыру әсіресе, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен халықты ауыз сумен қамту «жоғары жемқорлық тәуекелдерге» толып тұрғаны айтылды.

  Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласы мен бірнеше ауылға таза ауыз су тарту үшін былтыр қазынадан 2 милиард 600 миллионнан аса теңге бөлінген. Алайда су тек бір ауылға ғана жеткен. Қалғандарын мердігер компаниялар жарты жолдан тастап кеткен.

Ең сорақысы, шенеуніктер: «Мердігерлер міндетін мінсіз орындап, барлығына су тартып берді», деп есеп беріп, қабылдап алған. Ғажап өнер туындысы болмай-ақ қойсын, бірақ осы тектес оқиғаларды естігенде жинақтаушы образдарды тізіп, әрекеттерін ашық шенеп, сарказмға толы пьеса жазғың келеді.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу