«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Астана» - «Партизан» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Астана» - «Партизан» матчын тікелей эфирде көрсетеді

03.10.2019
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Астана» - «Партизан» матчын тікелей эфирде көрсетеді

«Астана» футбол клубы бүгін УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі екінші турдың матчын «Астана Арена» стадионында сербиялық «Партизанға» қарсы өткізбек. Аталмыш матчты «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы елорда уақыты бойынша сағат 20:50-ден бастап ұсынады. 

Осыған дейін «Астана» футбол клубының еурододалардағы ойындарын көрсетіп келген «QAZSPORT» телеарнасы бұл уақытта Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» - «Торпедо» кездесуін көрсетеді. Хоккей кездесуі елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Аталған екі ойын бір уақытта болғандықтан, дәстүр бойынша хоккейден өз жанкүйерлерін жинаған «QAZSPORT» арнасы «Барыс» - «Торпедо» кездесуін көрсетсе, ал «Астана» - «Партизан» матчын «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. 

Матчтарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz cайттары арқылы және QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасынан онлайн тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу