70 мың теңге қарызы үшін пәтерінен айырылды

02.10.2019

Петропавл қаласының тұрғыны 70 мың теңгеге жетпейтін қарызы үшін баспанасынан айырылды. «Севказэнрегосбыт» компаниясы алдындағы борышын уақытында өтемегені үшін алпауыт компания сотқа жүгініп, пәтері сатылып кетті. 

Жалпы, қазіргі күні қала бойынша компания алдындағы берешек 249 миллион теңгеден асқан. Ал оның 106 миллионы жеке тұлғалардың берешегі.  

Оксана Иличенко, «Севказэнергосбыт» ЖШС директоры орынбасарының міндетін атқарушы:

Жыл басынан бері 6 борышкердің пәтері сатылды. Жыл соңына дейін, қарызын өтемейтін болса тағы 6 пәтер сатылуы мүмкін. Бұл негізінен проблемалы тұтынушылар. 

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу