Жалақысы 1,2 млн теңге: Балаларына алимент төлемеген әке үйі мен көлігінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалақысы 1,2 млн теңге: Балаларына алимент төлемеген әке үйі мен көлігінен айырылды

12.11.2020
Жалақысы 1,2 млн теңге: Балаларына алимент төлемеген әке үйі мен көлігінен айырылды

2017 жылдан бастап үш баласына алимент төлемеген алматылық азамат 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігінен айырылды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Борышкердің алимент бойынша қарызы 21 миллион 600 мың теңгеге жеткен. Осы қарызы үшін Алматы облысы Қапшағай қаласының жеке сот орындаушысымен Алматы қаласында 2 бөлмелі пәтер және автокөлік тәркіленді.

«Атқарушылық іс жүргізу материалдарына сәйкес алимент бойынша берешек, салық органдарының мәліметтеріне сәйкес борышкердің ай сайынғы табысы 1 200 000 теңге сомасында белгіленгеннен кейін пайда болды. Сонымен қатар, борышкердің атына тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік анықталып, оларға тыйым салынып бағалау жүргізілген», - делінген хабарламада.

Борышкер бұған дейін бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, балаларын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескерту алған. Алайда ол сот шешімін орындаудан бас тартқан

«Азаматтың жалпы құны 16 824 112 теңге болатын тіркемесі бар Toyota Camry маркалы көлігі (бағалау құны 3 190 290 теңге) және 2 бөлмелі пәтер түріндегі тұрғын үй-жайы (бағалау құны 13 633 822 теңге) өндіріп алушыға заттай берілді. Қазіргі уақытта алимент төлеу бойынша берешек 4 777 093 теңгені құрайды», - деп хабарлады ведомсвтодан.


алимент

Хабарламаларға жазылу