Азия мен Еуропа арасындағы өзара байланысты, ынтымақты қалай арттыруға болады? Брюссельде өткен басқосуда жер жаһаннан жиналған 500 делегат осы мәселені талқылады. Мәртебелі жиында Еуропалық институттардың, банктердің басшылары, Хорватия, Финляндия мен Жапония премьер-министрлері баяндама жасады. Шараға Қазақстан атынан қатысқан еліміздің энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков көпшілікке елдегі саяси-экономикалық бағдарламалар жайлы мол мағлұмат берді. Вице-министр Еуроодақтың Азиямен ынтымақты арттыру стратегиясын жүзеге асыру барысында адами капиталды, жасыл энергетиканы дамытуға басымдық берілу керек-деген пікір білдірді.
Мұрат Жүребеков, ҚР Энергетика вице-министрі:
Біз Еуропа мен Азияның ортасында үлкен транзиттік мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Неге десеңіз, осы екі континенттің арасында сауда айналымы үлкен болады. Біздің географиялық орнымызды пайдаланып, үлкен транзиттік күшімізді пайдаланып зор пайда көруіміз керек. Қазақстан Еуразиялывқ ынтымақтастық ұйымының қатысушысы болған соң осы байланысқа үлкен үлесімізді қоса аламыз.
Нұрсұлу ҚАСЫМ