Әлеуметтік жобаларға мемлекет қанша қаржы жұмсап жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік жобаларға мемлекет қанша қаржы жұмсап жатыр?

28.09.2019

Әлеуметтік әлжуаз топтарға жәрдем беру кез келген саналы қоғамның міндеті. Егер жұмыспен қамту мүмкіндігі болса ол тіптен керемет. Қарапайым халықтың миын улауға тырысатын топтар бар ғой, «еуропадағы өмір ертегі, америкада тек жатсаңда тоқ жүресің, мемлекет тектен-текке ақша бере салады» деп көкиді. Соған сеніп қалатын адамдар бар. Солардың сенімін пайдаланып алаңға алып шығатын арсыздар және көп. Ағайынды «өзгенің өтірігін шындай қабылдадыңдар» деп сөгуге болмайды. Өйткені біз жалған сөздің тарауына тосқауыл болуымыз керек еді. Бірақ бұл жолы да себебімен емес салдарымен күресуге мәжбүрміз. Менің айтпағым... Қарапайым халық пен атқарушы биліктің арасындағы ахуалды айтқанда көпшілік «сенікі дұрыс, сенікі де қате емес» деп құтылуға тырысады. Артынан халық арандатушыға тұтылады. Халық қазақ, билік қазақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы екеуінің арасын жақындатып, мәселені бірге отырып шешетін күнге жеткізу керек деді. Ал арандатушыларға бұл жақпайтын жаңалық. Қазір билік пен бұқараның арасына қайтадан іріткі салып жүргендердің тірлігі әуелде қазақты отарлап алуға ұмтылған Ресей импералистерінің пиғылынан аумайды. Тарихи дерек былай дейді: «Хандық билікті жойған М.М Сперанский: «Қазақтар шөлейтте өсетін балтамен ұрып сындыра алмайтын сексеуіл ағашы сияқты. Сексеуілді тек бір-біріне ұрып сындыруға болады. Қазақтарды да бір-біріне айдап салып, әлсіретіп барып бастарына құлдықтың қамытын кигізе аламыз» деген. Бүгін ағайынды алаңға айдағандар да сексеуілді сексеуілмен ұрғысы келеді. Бірақ біз қазақпыз, біз қазір азатпыз. Біз билік пен бұқара боп текетіресуіміз мүмкін, бірақ тәу етер тәуелсіздігімізді ешкімнің қолына бере салмаймыз. Біз қазақпыз, біз қазір азатпыз. Заңсыз митингке айдап салғандардың бетпердесін ашып, бұқара мен билік боп бөлінбей түйткілдің бәрін бірге отырып шешетін күнге жетеміз жуырда. Өйткені біз әділетті, ақылды, парасатты ұлттың ұрпағымыз. Сын айтылады, тек сол сынды шешудің жолын біз бәріміз бірге отырып табуымыз керек. Өйткені ақылды деген Америка, есті деген Еуропаның өзі астаң-кестең болған толқулардың толқынында тұр. Демек, біздің ардақты ағайынды арандатқандар әспеттеп айтып жүргендей ол жақта ертегі өмір жоғын көрдік, білдік, қазір тағы дәлелдейміз.

Сары жилеттілер деп атау алып көшеге шығып қоғамдық орынды қиратқандардың кесірінен Францияға 200 миллион еуро шығын келген. Тәртіпке бағынбай айналаны астаң-кестең еткендерді Францияның ІІМ басшысы Кристоф Кастанер «кісі өлтірушілер» деп атап, тәртіп сақшыларына көтерілісшілерге қарсы қатаң шаралар қолдануды талап етті. Құдай сақтасын дейміз, сақтансаң сақтайтынын да естен шығармаған абзал. Өзгенің қаңсығын таңсық қылмақ болғандар елді қалай алдайды, ақиқатын біз айтайық, көріңіздер құрметті көрермен. 


Хабарламаларға жазылу