Сенаторлар заң жобаларын әзірлеушілерді сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар заң жобаларын әзірлеушілерді сынға алды

27.09.2019

Қазақстанда заң жобаларын әзірлеу кезінде қателіктер өте жиі кездеседі. Осы мәселе бүгін парламенттік тыңдау кезінде көтерілді. Заң жобасын ұсынған мемлекеттік органдар уақыттың өте тығыз болғанын немесе басқа да себептерді алға тартып, толықтырулар мен өзгертулерді енгізіп тұратыны белгілі. Парламенттегі талқылау барысында да көптеген ескертпелер мен өзгерістер енгізіледі. Тіпті кей заң жобалары халық арасында теріс пікірлер мен қарсылықтар да тудырады. Болашақта заң шығару кезінде барлық тетіктерді толық зерттеу керек деп отыр депутаттар.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Заң жобаларының басым көпшілігі Үкімет арқылы келетінін ескерсек, ал Үкіметте ол заң жобалары тиісті министрліктерді. Министрліктерде заң шығару басқарламалары, заңгерлермен дайындалатыны жасырын емес. Сондықтан сол орталық мемлекеттік органдардағы заң саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін, олардың құрылымын қайта қарау керек.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу