Бүгін Сенат жанындағы кеңес отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Сенат жанындағы кеңес отырысы өтті

14.12.2021

Ел Тәуелсіздігін нығайтуда парламент сенаторларының үлесі зор. Заң шығарушы орган мемлекетіміздің дамуына негіз болатын заңнамалық база жасақтай алды. Бұл туралы бүгін Елордада өткен сенаторлар кеңесінде айтылды. Жиында қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен қазіргі жұмыс барысы талқыланды. Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосқан экс-сенаторлардың еңбегін атап өтті. Қазіргі таңда Сенат депутаттарының қарауында 18 заң жобасы бар. Оларды дайындау және талқылау жұмысына сенаторлар кеңесі де қатыса алады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біз Парламенттің жұмысындағы сабақтастықты сақтауға үлкен мәр беріп отырмыз. Сіздер отандық парламентті қалыптастыруға, оның жұмысын жүйелі жолға қоюға үлкен үлес қостыңыздар. Біз сол жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Мұның бәрі Тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы маңызды қадамдар екені сөзсіз.

Өмірбек Байгелді, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі:

Ештеңе болған жоқ, ештеңе өзгерген жоқ деп айтқан адам қателеседі. Өзгеріп, өсіп, дамып жатыр. Бүгінде біздің елге жететін, тепе-тең келетін ел азайып қалыпты. Ол енді осы елдің еңбегі, соның ішінде сіздердің де еңбектеріңіз.


Хабарламаларға жазылу