Дариға Назарбаева Еуразия елдері парламенттері төрағаларының кеңесін жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева Еуразия елдері парламенттері төрағаларының кеңесін жоғары бағалады

26.09.2019

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева елордада өткен Еуразия елдері парламенттері төрағаларының кеңесін жоғары бағалады. 

«Кеңестің күн тәртібі аса маңызды әрі мазмұнды болды. Онда, әрине, Парламенттің әрбір басшысы өз пікірінде елінің ұлттық мүдделерін негізге алды. Дегенмен, форумның рухы мен ахуалы бізді нәтижелі үнқатысу ниетіне жеткізіп, бізді бөлмей, біріктіретін тақырыпты табуға, өзара түсіністік нүктелерін іздестіруге тырысты. Осының бәрі Еуразия елдері арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің нығаюына, бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастықтың мүдделеріне жұмыс істейді», - деді ол. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу