Спикерлер кеңесі Бали аралында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спикерлер кеңесі Бали аралында өтеді

27.09.2019

Еуразия елдері парламенттері төрағаларының V кеңесі келесі жылы Индонезияда, Бали аралында өтеді. Ең алғаш рет мәртебелі жиын 2016 жылы өтіп, оған тек 18 мемлекет қатысуға ниет білдірді. Ал жуырда елімізде ұйымдастырылған «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім, Серіктестік» жиынына Еуропа мен Азияның 65 елінен парламенттік делегация келген еді.  

Әлемдік қауымдастық кеңестің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап отыр. Қабылданған қарар негізінде бірлесе жұмыс істеу туралы келісім жасалды.

Драгомир Карич, Сербия парламентінің депутаты:

Осындай ауқымды жиынды жоғары деңгейде өткізген Қазақстанның жаһан жұртының алдында абыройы асқақтады. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде бәріміздің көкейімізде жүрген мәселелерді қозғады. Парламентаризмнің алдында биік мақсаттар тұр, ал біз біріге жұмс істесек, сонда ғана нәтиже болады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу