Қасым Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті

25.09.2019
Қасым Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лаузымға сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, ол үшін әлеуеттерінің зор екенін айтты. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу