Айтыстың екінші кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтыстың екінші кезеңі өтті

19.09.2019

Қарағандыда дәл қазір халықаралық ақындар айтысының финалдық кезеңі өтуде. Айтысты тамашалауға «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Финалдық кезеңге 7 жұп жолдама алған. Жалпы жыр додасына Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Қырғыз елінен келген 18 ақын қатысты. Мемлекет қайраткері, ұлт зиялысы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған айтыс барысында ақындар қоғамдағы бірқатар мәселелерді арқау етті. Шара «Nur Otan» партиясының және облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Жыр додасының жеңімпаздарын хабарлайтын боламыз.

Жүрсін Ерман, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

Кеше алғашқы күні 9 жұп айтысты. Соның ішінде осалы жоқ деп айтуға болады. Қай-қайсысы болсын жүлдеге лайықты болып көрінді, меніңше. Осы күнгі проблемалар ақындардың назарынан тыс қалған жоқ. Әсіресе, мынау әлеуметтік салаға Елбасының, Президенттің тарапынан, Үкіметтің тарапынан жасалып жатқан үлкен жұмыстарды айтуға тырысып жатыр.

Руслан НҰРЛЫНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу