Елбасы жасыл белдеудің тынысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы жасыл белдеудің тынысымен танысты

18.09.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың «жасыл белдеуінің» тынысымен танысты. Жиын барасында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Елбасына агротехникалық қызметтің нәтижесінде алынған мәліметтерді жинау және талдау процестерін цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, көгалдандыру нәтижелері және «жасыл белдеуді» Бурабай орманымен байланыстыру бойынша қабылданған шаралар туралы да айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев елордада және еліміздің басқа аймақтарында да «жасыл белдеу» құру тәжірибесін қолдану қажеттілігін атап өтті.

Ерлан Нысанбаев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, 1997 жылдан бастап біз «жасыл белдеу» құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл жасыл-желек отырғызу көлемі 4,6 мың га құрады. 2022 жылға қарай біз жалпы жасыл алаңды 100 мың гектарға жеткіземіз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу