Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртаудың» тынысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртаудың» тынысымен танысты

09.09.2018

Алатау етегіндегі алпауыт шаһардағы жұмыс сапарын түйіндеп, Елбасы бейсенбіде Арқа төсіне ат басын бұрды. Қарағанды облысында бірқатар өнеркәсіп орындарын аралап, аймақтың инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысты.

Өңірдегі өндіріс ошақтары соңғы уақытта сандық технологияларды енгізу арқылы ауқымды нәтижеге қол жеткізе бастады. Мәселен, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» гемофилия, онкология, вирусты гепатит, қант диабеті сияқты әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдейтін отандық жаңа препараттар шығаруды қолға алды.

Ал, Қарағанды машина жасау зауыты роботтандырылған осы заманғы құрылғылардың арқасында бұрын сырттан тасымалданатын бұйымдарды өздері өндіре бастады. Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Елбасы еңбек жолы басталған Теміртау қаласына да барды. Қара металл прокатын шығаратын ірі кәсіпорын – «АрселорМиттал Теміртаудың» тынысымен танысты. Сондай-ақ, қаладағы қайта жөнделген саябақты тамашалап, сағынышқа толы жастық шағын еске алды.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу