Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

18.09.2019

Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бүгін елордада Олимпиада комитеті бас ассамблеясының отырысында комитеттің президентін сайлау өтті. Ресми жиынға қатысқан Премьер-Министр Асқар Мамин ұйымның алдығы міндеттерін айқындап берді. Үкімет басшысы ұлттық құрама командамыз 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсету үшін қазірден бастап бар күш-жігерді жұмсау қажеттігін айтты. Сайлау барысында елімізде тіркелген 34 спорт федерациясының өкілдері Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Жігер Әзбергенов, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми өкілі:

Мемлекеттік қаржыны жұмсаған кезде... Тікелей аударылады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу